Тараз: Қош келдің Рамазан!

Тараз: Қош келдің Рамазан!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әулие Ата" мешіті әйел-қыздар жамағатына Рамазан айының келуіне байланысты ораза тақырыбында арнайы дәрістер ұйымдастырылып өткізілді. Дәрістердің негізгі мақсаты – жамағатқа оразаның шариғи үкімдерін кеңінен түсіндіру, оның рухани және тәрбиелік мәнін терең ұғындыру болды.

Дәріс барысында оразаның үкімі мен парыз болуы, шарттары, сүннеттері мен әдептері жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, қазасы өтелетін оразалар, кәффараттың толық шарттары және фидия берудің тәртібі кеңінен түсіндірілді.

Оразаның адам тәніне және рухына тигізер пайдасы, нәпсіні тәрбиелеудегі орны, тақуалыққа жетелеудегі маңызы да ерекше атап өтілді. Қазіргі заманға байланысты туындайтын өзекті сұрақтарға (медицина, жұмыс тәртібі, жүктілік, сапар және басқа да жағдайлар) шариғат шеңберінде нақты әрі дәлелді жауаптар берілді.

Дәріс соңында шәкірттермен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, тақырыпты бекіту мақсатында танымдық сауалдар қойылды. Жамағат белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Өткізілген дәрістер нәтижесінде шәкірттердің оразаға қатысты білім деңгейі артты. Оразаның тек ішіп-жеуден тыйылу емес, рухани тәрбиенің үлкен мектебі екендігі кеңінен түсіндірілді. Жамағат тарапынан қызығушылық жоғары болды және алдағы уақытта да осындай тағылымды кездесулер өткізуге сұраныс білдірілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: