Рамазан айында әйел-қыздар секторында «Қош келдің, Рамазан» атты рухани іс-шара ұйымдастырылып, жамағат ерекше әсерге бөленді.
Іс-шара «Кәрібай молда»қабырғасында өтіп, қасиетті айдың құрметіне хатым дұғасы жасалды. Ғалия Байториева Құран хатымының дұғасын түсіріп, жиналған жамағатпен бірге Жаратушыдан ел тыныштығын, береке мен бірлікті тіледі.
Кеш барысында Рамазан айының артықшылықтары мен рухани тәрбиесі жайында тағылымды уағыздар айтылды. Қатысушыларға түрлі танымдық ойындар ойнатылып, белсенділік танытқан жандарға хадиялар таратылды.
Мерекелік басқосу жүректерге иман нұрын ұялатқан, берекелі әрі мазмұнды кешке айналды. Алла Тағала қасиетті айдағы құлшылықтарымызды қабыл етіп, баршамызға мол сауаптан жазсын!
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

