Аталмыш шараға ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев мерекеге арнайы қатысып, және білім ордасына демеушілік көрсетіп жүрген азаматтар мектеп ұжым атынан құттықталды. Ізгі істерге ұйытқы болып жүрген жандарға алғыс айтып, арнайы алғыс хаттар табыстады.
Шара барысында бірлік пен татулық, өзара құрмет пен жанашырлық құндылықтары кеңінен насихатталды. Жиналған қауымға жүрекжарды тілектер айтылып, жастарды білімге, ізгілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы сөз болды.
Өз кезегінде мешіт ұжымы қасиетті Рамазан айының құрметіне «Рамазан тәттілерін» таратып, балалардың жүздеріне қуаныш сыйлады. Мерекелік кездесу көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

