Бүгін, қасиетті жұма күні Мойынқұм ауданы әкімдігінде өкіл имам Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы ауданның зиялы қауымымен кездесті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев жүргізіп отырды.
- Облыс көлеміндегі діни ахуал қалыпты деуге болады. Әсіресе, Мойынқұм ауданында кереғар ағымдардың жоқтығы қуантады. Аудандағы тіркелген 13 мешіттермен тығыз қатынаста болып, олардың қызметтерінің сапалы болуын қадағалап отырамыз. Бір кездері ауданда мешіттерді тіркеу және олардың кадрлық мәселелерін шешу қиын болса, ал бүгінде аталған мәселелер оң шешімін тауып келеді. Облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде ауданнан екі шәкірт білім алуда. Олар да күні ертең өз орталарыңызға оралатын болады, - деді Данияр қары Жұмабаев.


15 Тамыз 2026
1 Раби-авваль 1448
