Шуақты көктемнің ұлық мерекесі «әз-Наурыз» мейрамына орай Талас ауданы Майтөбе ауылы «Татен Ата» мешітінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде дін қызметкелері арасында «Құран Кәрім» сайысы өтті. Имандылық – ізгілік негізі дегендей жиынның ұйытқысы болып Сандыбайқызы Райхан Қыдырәлі келіні атынан балалары Панат Татеновпен Жомарт Татенов демеуші болды.
Берекеті мол додаға облыс бойынша әр ауданан 26 молда, азаншылар, ұстаздар мен «Һибатулла Тарази» медресесінің 3 курс шәкірттері қатысты. Аталмыш іс-шараны Талас ауданының әкімінің орынбасары Қайрат Рахымжанов ашып, алғысы мен разылығын білдірді. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев барша жұртшылықты «Наурыз» мейрамымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Киелі Құранның қасиетті сүрелерін көркемдеп оқитын құраншылар сайысына Данияр Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» медресесінің ұлағатты ұстазы Юнус Хусейін, аудандық «Қаратау» мешітінін бас имамы Нұрсұлтан Алиев қазылық жасады.
«Умра қажылығы» сыйымен бас жүлдені Т. РЫСҚҰЛОВ ауданы Жарлы су ауылы, «Мұрат баба» мешітінің молдасы Жарқынбек Тасболатовқа бұйырса, 100 000 теңге сыйақымен 1 орынды Талас ауданы Майтөбе ауылы «Татен ата» мешітінің молдасы Арпхан Анарбаев, 75 000 теңге сыйақымен 2 орынды Мерке ауданы «Жүніс молда» мешітінің молдасы Дастан Қасымалиев, 50 000 теңге сыйақымен 3 орынды «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірті Серижан Мұхаммедов иленді.
Құран жарысынан соң қазақтың ұлттық арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру сынды ойындары ойнатылып, жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі