Шу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталық мекемесінде үлкен көлемде Наурыз мерекесіне орай өз ара мүгедек балалар арасында әр-түрлі ойынадар ойнатылып қызықты көрністер көрсетіліп әндер айтылып іс-шаралар өткізіп, артынан келген ата-аналармен басқада қонақтарға дастархан жайылып ас берілді. Ұйымдастырылған іс-шараны бастау үшін құттықтау сөзін Аудан әкімінің орынбасары Е.Еркінұлына берілді кейін Аудандық «Төлеби» мешіттін бас имам Мусаев Қ. сөз беріп ол өз сөзінде келген жамғаттарға ата-аналарға мүгедек балаларды қарау оны басқара білу үлкен бір мәртебе және сауаптығын айтып, артынан Ұлыстын ұлы қүні Наурыз мейрам жайлы Кысқаша баяндап түсіндіріп өтті. «Наурыз мерекесінде қыстан күйзеліп шыққан елдің көңілін көтеру мен қазақи құндылықтарымызды жандандырып, көкпар беріп, ат шаптырып, палуандар күресін өткізіп, ән-жыр, айтыс-терме ұйымдастырылып, араздасқан адамдар осы күні татуласып, бір-біріне жақсы бата берісіп, «Ұлыс оң, ақ мол болсын» деген сияқты ізгі тілектерімен қауышып жататынын айтып өтті. Яғни Наурыз мерекесін тойлау Ислам дініне қайшы емес екендігін айқын аңғаруға болады».деді. Әрі қарай бас имам сөзін былай деп Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Амалдар ниетке байланысты...» деп айтылған хадисін түсіндіріп қандай нәрсе болсада, не мақсатта болу керегін жеткізді.
Шу аудандық Төлеби мешітінің
іс басқарушысы Ғалым Есіркесінұлы