Тазалық - иманның жартысы

Тазалық - иманның жартысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Алла тағала таза, барынша таза құлдарын жақсы көреді» деген. Ислам діні тазалықты екіге бөліп қарастырады. Ол - сыртқы тазалық және рухани тазалық. Осы сыртқы тазалықтың өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Мысалы,отырған жердің тазалығы, киімнің тазалығы, дененің тазалығы, ішер астың тазалығы т.б.

Демек, бiз мұсылмандарға түскен мiндет – айналамыздағы қоршаған ор-та¬ны таза ұстау. Ағаш отырғызып, табиғатты аялау. Негiзiнде мұсылман бүлдiрушi емес, бүтiндеушi, қирату¬шы емес дұрыстаушы, зиян келтiрушi емес, пайда әкелушi. Дінімізде қоршаған ортаны бүлдiрмеу ғана емес, оны қорғау да жиi насихатталған. Сол сияқты намаздың парыздары он екі болса соның бірі намаз оқитын жердің тазалығы.
Бүгін Мойынқұм ауданында көгалдандыру,тазалау жұмыстары Мойынқұм мешіттің бас имамы мен жамағаты бірлесіп, мешіттің ішкі,сыртқы ауласы, бақшасы тазартылып,жеміс ағаштары мен тал-дарақтар әктеліп,гүлдерінің түптері қопсытылды.Бұл іс-шара Ислам дінінің тазалықты талап етіп қана қоймай,оны іске асыра білетіндігінің бір дәлелі болғандай.

Сүйіндік Ә

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: