МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев мешіт жамағатын ұйымдастырып, жағдайы төмен, көпбалалы 2 отбасына қаржылай оң мың теңгеден қайырымдылық көмек жасады.

Бұл отбасылар аудандық мешітінің бас имамы мен жамағатқа істеген ітеріңізге ризашылықтрн білдіріп, алғыстарын білдірді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесінде биылғы оқу жылына қабылданатын шәкірттер  емтихан тапсырды. Сынақ тапсыруға облыс көлеміндегі аудандардан  21 шәкірт келді.

Осы шәкіртерден емтихан қабылдау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан шариғат және пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлы және оқу-ағарту бөлімінің референті Марат Жапбасбай мырза арнайы келді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының ұйымдастыруымен жыл сайынғы дәстүрге сай облыс көлеміндегі мешіттердің сауат ашу курстары арасында Құран жарысы өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алланың қалауымен аудандық «Қордай» мешітінің имамдары тағы да бір ауқымды  қайырлы іс-қайырымдылық ұйымдастырды. Біріккен Араб Әмірліктерінің  «Қызыл жарты ай» қайырымдылық қорының демеушілігімен аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен  аудан бойынша  асыраушысыз қалған, жалғыз  қалған әйелдермен, жетімдіктің дәмін сезген 250 балаға әр қайсысына  55 000 теңгеден көмек көрсетілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылында аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевтың және «Жексембай ата» мешіт жамағатының ұйымдастыруымен жұма күнінің құрметіне ауылдың жағдайы төмен он отбасына азық-түлікпен қайырымдылық жасалды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мойынқұм ауылының тұрғыны Отыншиев Рустем өзінің отбасының атынан «Шәууәл» айы мен қасиетті жұма күнінің құрметіне бір қой малын сойып, аудандық мешітке садақа ретінде акеп берді.

Бұл сойылған малдың етін Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаевтың ұйымдастыруымен жағдай төмен бір отбасына және жалғыз басты көп балалы екі анаға үлестіріп берілді.