Аудан имамдарының есебі өтті

Аудан имамдарының есебі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Хадис шәрифтерде: «Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүміндерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу». «Егер құлдар рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл бір жылдың рамазан болғанын қалар еді. Өйткені, онда көп сауап бар,» – дейді. Қай-қайсысы болсын әрбір мұсылман берекелі айда игіліктерімен жарыспақ. Аталмыш қасиетті айда мешіттерде де өзіндік мақсаттар қойылған. Сол жоспарды саралау үшін «Һибатулла Тарази» мешітінде аудан имамдарының мәжілісі өтті. Рамазан айында атқарылып жатқан іс-шаралар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүктеген тапсырмасы бойынша жүзеге асқан жұмыстардың нәтижесі сөз болып, есеп берілді. Жиынға Шу қаласы, Қаратау қаласы, Меркі, Қордай, Мойынқұм, Жуалы, Байзақ, Сарысу, Талас, Т. Рұсқұлов, Шу аудандарының бас имамдары қатысты. Аудандық дінбасылар төрт бағыт бойынша жетістіктерін ортаға салды. Аудан имамдарының есебін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабев қабылдады.

   Рамазан айындағы Жамбыл облысы қала-аудан бас имамдарының жиналысында қаралған мәселелер:

Рамазан айында айтқарылып жатқан іс-шаралардың барысы: Ауызашарлар, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, тарауих намазында хатым түсіру, Рамазанға байланысты баннерлер, билбордттар ілу, ораза кестесін тарату.

Өңірдегі сауат ашу курстарының жағдайы: Сауат ашу курстарында қанша шәкірт оқиды, білім деңгейлері қандай, мүмкіндігінше діни оқулықтармен қамтамасыз ету қаншалықты дәрежеде?

Нұр мүбарак университетіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстар: Қала-ауданнан қанша үміткер жіберілді, қаншасы аталмыш оқуды бітіріп шықты, білім ордасында білім алып жатқан аймақтан барған шәкірттердің хал-ахуалын, т.б. жағдайларын жиі сұрастырып отыру жолға қойылған ба?

Қала-аудандағы діни кадр мәселесі: Имам-молдасыз мешіттердің бар-жоқтығы.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: