Рухани келісім күніне орай Төле би ауылының әкімшілік ғимаратында тероризмге қарсы Ақпараттық насихаттау тобының мүшелерінің қатысуымен жастар арасында діни экстримизммен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары жайлы мәселелері талқыланды.
Рухани келісім күніне орай Төле би ауылының әкімшілік ғимаратында тероризмге қарсы Ақпараттық насихаттау тобының мүшелерінің қатысуымен жастар арасында діни экстримизммен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары жайлы мәселелері талқыланды.
«Өтеген батыр» атындағы Қордай аудандық мәдениет үйінде аудан орталығында орналасқан мектеп оқушылары және колледж студенттерімен жиын өтті. Жиынға аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Б.Жүсіпов, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Алиясов, ҰҚК бөлімшесінің қызметкері А.Абенов қатысты.
Бүгін орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық имам, молдалардың білімі мен біліктіліктерін жетілдіру мақсатында қазан айының 13 мен қараша айының 05 жұлдызына дейінгі күндер аралығында 3 күндік оқу-семинары басталды.
Қазақстанда бүгінгі күні еліміздің діни-идеологиялық бағытын айқындау аса күрделі мәселенің біріне айналып отыр. Елімізде қалыптасқан діни ахуалдың күрделенуі осы діни-идеологиялық бағыттың нақтыланбауына байланысты туындап отырғаны шындық. Осыны пайдаланған сырттан келген діни ағымдар белсенді қызмет атқарып, өздерінің танымын қаншама адамның санасына құйып үлгерді. Бұл қазіргі қазақ қоғамының діни сенімі мен танымына қарай бірнеше бағытқа жіктелуіне ықпал етіп отыр.
Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте оқулылармен кездесу өтті кездесуге Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы және Жазира Әбденбекқызы қатысты.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы қызметіне діни салада тәжірибесі мол, білікті дінтанушы Ахметжан қажы Керімбек тағайындалды.