Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгін де ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Ұлт ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі. Сол ойындардың бірегейлері – асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, күш сынасу және т.б.
Жас ұрпаққа халқымыздың ұлттық ойындарын бойларына сіңіртіп, тәрбиелеу мақсатында «Әзрет Әли» мешіті жас шәкірттері арасында сайыс ұйымдастырды. Құран үйренуші шәкірттер бұл ұсынысты қуана қабыл алып, белсене ат салысты. Жарыс бағдарламасына ұлтымыздың ойындары - асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, күш сынасу секілді спорт түрлері кірді.
Асық атып, арқан тартып, күш сынасқан бұл дүбірлі дода күні шәкірттер есінде мәңгі қалмақ деген үміттеміз!
Орынбасаров Жалғас
«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті
университетінің 2 курс студенті