Мойынқұм ауданы Күшаман ауылы «Ар-Рахман» мешітінің молдасы Ж. Акбердиевтың ұйымдастыруымен және кәсіпкерлердің демеулігімен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Науқанда ауылдағы көмекке мұқтаж, жағдайы төмен, көп балалы, жалғыз басты барлығы 15 отбасыға азық-түлік таратылды.
Отбасыларға: 1 қап ұн,1 қап құмшекер, 1 қап күріш, 10кг макарон, 5 л сұйық май, 1 бума шәй, құрма, конфет, печенье, халва, қарбыз жеткізілді. Жанұялар мұндай игі іске алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
«Ар-Рахман» мешіті