- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 3457
Құран хатым етілді
Рамазын айында Құранды бастан аяқ оқып хатым ету – сауабы мол сүннет амалына жатады. Олай болса, Құран оқудың өзі намаз, ораза секілді жеке ғибадатқа жатады.
Рамазын айында Құранды бастан аяқ оқып хатым ету – сауабы мол сүннет амалына жатады. Олай болса, Құран оқудың өзі намаз, ораза секілді жеке ғибадатқа жатады.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы «Байзақ баба» мешітінде 25 жағдайы төмен отбасына ұн, ет және азық-түлік үлестірілді.
Сауаптың сарқылмайтын бұлағы, рухани кемелдену айы Рамазанға жеткізген Алла Тағалаға сансыз мақтау-мадақтар болсын. Адам баласына хақ жолды көрсетіп, иман нұрына бөлеген Алла Тағала шайтандар кісенделіп, тозақтың есіктері жабылатын, жәннаттың есіктері айқара ашылатын берекелі айды құлдарына тарту етті.
Ауызашар беру өте маңызы зор сауапты істің бірі. Жолда кетіп бара жатып, кез – келген ауызы берік адамға бір дана құрма немесе кепкен құрма ол болмаса сумен болсада ауыз ашар беру сауапқа кенелетін жақсы амал. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кімде – кім бұл айда аузы берік бір адамға ауыз ашар берсе күнәлары кешіріледі,» - деген.
Рамазан – адам баласына тура жолды нұсқаушы, жақсылық пен жамандықты, халал мен харамды ажыратушы, Алла Тағаланың соңғы кітабы Құран кәрім түсіріле бастаған қасиетті ай. Алла Тағала Құранда бұл жайлы: «Рамазан – адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай» деген.
Алла Тағаланың адам баласына қасиетті Құран Кәрімді түсіруі – өз пенделеріне көрсеткен шексіз мейірімі. Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап.