М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Заң және зайырлы қоғам» атты студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев арнайы қатысып қайтты.
Жиында зайырлы қоғам, дәстүрлі дін, ұлттық тәрбие жайы талқыланды. Жастар өзекжарды сұрақтарына дін маманынан мардымды жауаптар алды.
Жоғарғы оқу орнының оқытушылар құрамы келілі кездесу үшін үлкен алғыс айтып, наиб имамға кітап сыйға тартты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі