Байзақ аудандық және ауылдық мешіттерде имамдардың ұйымдастыруымен ораза айтқа дайындық тазалық жұмыстар жүргізілді.
Байзақ аудандық және ауылдық мешіттерде имамдардың ұйымдастыруымен ораза айтқа дайындық тазалық жұмыстар жүргізілді.
Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов мешітке келген жамағатты ораза айт күнімен құттықтап, айт намазының оқылу тәртібін айтып түсіндірді.
Шу аудан тұрғындары айт мейрамын өз деңгейінде атап өтті. Айлардың сұлтаны қасиетті рамазан аймен қимай қоштасып, күллі мұсылман қауым, аудандық "Төле би" мешітке айт намазын оқуға, жылдағыдай ағыла келді. Ораза айт мейрамы адамдардың көңіліне көктемнің шуағын сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.
Рамазан айының соңғы жұлдызында Шу аудандық "Төле би" мешітінде 3 отбасыға 3 ірі қара малы зекет берілді.
Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен, Ораза айтқа орай, мешіт алаңында 10 отбасыға қайырымдылық науқанын ұйымдастырды.
Бүгін Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйытқы болуымен, ауданда дін мамандары «Қайырым қылсаң қайырын өзің көресің» атты акцияға атсалысып, қайырымдылық науқанын жасады.