- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 1323
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде шәкірттер арасында Құран сайысы өтті
Рамазан айының соңғы күнінде "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің шәкірттері Құран оқудан өзара сынға түсті.
Рамазан айының соңғы күнінде "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің шәкірттері Құран оқудан өзара сынға түсті.
Тараз қаласы имамдары демеушілер арқылы Рамазан айында 18 755 955 теңгені қайырымдылыққа жұмсады. Қайырымдылық ретінде 6013 кісіге ауызашар пакеті, 1072 отбасына азық-түлік, 91 отбасына қаржылай, 173 отбасына еттей, жетімдер үйіне ойыншықтар, мүгедектер үйіне дәрі-дәрмектер және тағы басқа жәрдемдер берілді. Жалпы қасиетті ай бойы 159 шара ұйымдастырылып 7490 отбасы қамтылды.
Жамбыл ауданы ауыл мешіттері Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешіті мен Жалпақтөбе ауылы, Ақбұлым ауылы мешіттерінде қасиетті Ораза айтта көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған барлығы елу отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Жамбыл ауданы Аса ауылының әкімшілігінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, Аса ауылының әкімі Қалшымбетов Бауыржан, аудан ақсақалдары мен әжелері 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай іс –шара ұйымдастырды.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде және өңірге қарасты барлық мешіттерде Ораза айт намазы санитарлық талаптарға сай, мешіттің ауласында оқылды.
Т. Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылында жаңа мешіт бой көтеруде. Ауыл имамы Байқожаев Нұрдәулеттің бастамасымен ауыл азаматтарының қолдауымен салынып жатқан мешіттің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.