#Қордайда 5 баланың анасына баспана кілті табысталды

#Қордайда 5 баланың анасына баспана кілті табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Қордай ауылында «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасыға тұрғын үй берілді.  5 баланың анасы, жолдасынан айырылып, жесір қалған анаға бүгін салтанатты түрде үй кілті табысталды.

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырагелдиев  қатысып, шаңыраққа ие болған жанұяға құттықтау айтып, жылы лебізін білдірді.

Көпбалалы анаға баспана сыйлауға атсалысқан көпшілікке алғыс білдіріп, шариғатымыздағы қайырымдылықтың мәртебесі жайлы тілге тиек етті. Ақ жаулықты әжелер шашуын шашып, қуанышымен бөліскен жұртшылық қонысты болған отбасының шаңырағына кіріп, дәм ауыз тиді.

Айта кетейік, жобаға 10 млн  теңге қаражат жұмсалды.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: