#ТАРАЗ: Бас имам құрбан айтта айттық себетін таратты

#ТАРАЗ: Бас имам құрбан айтта айттық себетін таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының бас имамы Дауренбеков Орынбасар Жамбыл облысы әйел ұстаздары мен мешіт тазалаушы әйелдерге айттық себетін таратты. Сыйлық таратуға Жамбыл облысы бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы арнайы шақырылды.

Мәжілісті бастаған облыс имамы жаңадан қызметке тағайындалған  Тараз қаласының бас имамын әйел-қыздарға таныстырып өтті. Бас имам өз сөзінде: «Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өте сирек ашуланатын. Ашуланғанына себеп болған бір жағдай мешіт тазалаушы әйелдің қайтыс болып, өзіне хабары  жетпегей жерленгендігі еді. Бұдан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Алла үйін тазалаушы кісіге өте қатты құрмет көрсеткендігін байқаймыз. Біз де Пайғамбарымыздан үлгі алып, мешіт тазалығына аса мән беруге тиіспіз» - деп жеткізді.

Мәжіліс соңы әйел ұстаздар сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. 

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: