ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай ауданында "Ел үлесі пәтерге" және "Асар" жобасы аясында салынып жатқан үйлерді аралады.
Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы құрылыстың басында жүріп, бағдарлама бойынша жасалып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, ақпарат берді.
Имам бүгінгі уақытта дайындалып жатқан 7 баспананың құрылысымен танысып қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі