#Меркі: Зекет – бес парыздың бірі

#Меркі: Зекет – бес парыздың бірі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зекет – бес парыздың бірі. Зекет – орындалмаса, мұсылманның мойнында қарыз боп жазылатын парыздың бірі. Оны шариғат белгілеген мөлшерде табысы мен байлығы бар адамдар төлеуі тиіс.

Меркі ауданы, Тәтті ауылында жергілікті имам Көпбосынов Асхаттың ұйытқы болуымен бірнеше кәсіпкер азаматтар зекет малын мұқтаж отбасыларға үлестіріп келеді. Бұл жолғы зекет малы 6 отбасыға табысталды.

Аталмыш отбасыларды аралап, малды иесіне тапсырған кәсіпкерлерге имам мал-жандарына береке, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тілеп, бата беріп, дұға жасап тарқасты.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: