Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде қыздар ұстазы Зухра Ибрагимова оқытып жатқан шәкірттеріне «ислам діні экстремизммен терроризмге қатысы жоқ» табырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде қыздар ұстазы Зухра Ибрагимова оқытып жатқан шәкірттеріне «ислам діні экстремизммен терроризмге қатысы жоқ» табырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы өңірдегі Әжелер алқасымен кездесу өткізді.
Ораза айт күні «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамының ұйымдастыруымен Ораза айт құрметіне мұқтаж 40 отбасыға ірі қара сойылып еті таратылды. Сондай-ақ 20 отбасыға азық-түліктер таратылып қайырымдылық жасалды.
Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы арнайы іс-сапармен Жуалы ауданы Т. Дүсебай ауылына келіп, жаңа бой көтерген мешіттің жұмысымен танысты. Алла үйі құрылысының жай -күйін бақылаған имамға аудан имамы ғимаратты таныстырып, ішкі әрлеу жұмыстары жайлы сөз қозғады.
Ораза айт мерекесі асыл дініміздің екі атаулы мереке күндерінің бірі. Айт күні қайырымдылық жасап сауапқа кенелетін күн. Қасиетті жұма күні, ораза айттың екінші күнінде Шу қалалық «Жәми» мешітінде 5 тонна жуа жамағатқа таратылды.
Дініміздегі діни білім алудың орны ерекше, өйткені білім жолындағы шәкіртке Алла Тағаланың қалауымен періштелер қанат жайып қорғаушы болады.