#Жамбыл: «Ихсан» кітабы имамдарға таратылды

#Жамбыл: «Ихсан» кітабы имамдарға таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл имамдарымен бірге «Рухани тәрбие ихсан ілімі» атты дөңгелек үстел өтті.

Отырыста имамдар ихсан ілімі жайында өз ойларымен бөлісті. Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім.

Жиын соңында аудан имамы имамдарға «Муфтият» баспасынан шыққан «Ихсан: рухани тәрбие негізі» атты кітап таратты. Кітап алған имамдар аудан имамына өз алғыстарын айтты.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: