Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің найб имамы Жандос Жұмағұл аудандық Жастар орталығында жастармен кездесті.
Кездесуде жастармен бірге найб имам «кітаптарға иман» турасында кенінен сөз етті. Алланың кітаптарына иман келтіру: Алла адамзатқа пайғамбарлар арқылы кітаптар жеткізген. Бұл кітаптарда Алланың бұйрықтары мен тыйымдары білдіріл-ген, құлдарының жауапкершіліктері баяндалып, дүние мен ақиретте бақытты болудың жолдары көрсетілген.
Жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарына жауап алды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі