Отар ауылдық округының тұрғындарымен Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы кездесіп қайтты.
Теріс ағымның зияны, қоғамда бұл бағытты ұстанушылардың белгідері жайында сөз қозғап, діни білім - діни иммунитет туралы насихат айтты.
Теріс ағымның алдын алу мақсатында жасалған түсіндіру жұмыстарында бас имам жұртшылықтың сауалдарына жауап беріп, деструктивті ағым ұстанушыларының қателіктерін тізді. Сонымен қатар оған жауап ретінде Құран мен хадистерден мысалдар келтіріп өтті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі