Қордай аудандық мешітінің жамағаты облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлымен кездесті.
Құптан уақытында өткен жүздесуде "Пайғамбарға махаббат" тақырыбында жүргізілген уағыз көпшіліктің жүрегін жібітті.
"Иләһи махаббатқа жету үшін, алдымен Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүю керек. Асыл махаббатқа жеткізетін махаббатқа қол жеткізу үшін Оның махаббатымен сусындау керек. Өйткені, Оған деген махаббат-ғашықтық жолының бастамасы, әрі соңы. Бүкіл махаббат оған қайта оралады" - деп атап өтті имам. Сонымен қатар жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, ардақты Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы ғибратты оқиғаларды тілге тиек етті.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі