Алғыс айту – адам жүрегін жылытатын, мейірім мен ізгілікті арттыратын асыл қасиет. Бір ауыз алғыс сөз кез келген мұңайып тұрған жанның көңілін жадыратып, жүрегіне қуаныш сыйлайтыны анық. Кең пейілді қазақ халқы ежелден алғыс пен батаны қадір тұтқан. Халық арасында «алғыс – бата» деген ұғымның орны ерекше.


20 Маусым 2026
4 Мухаррам 1448
