Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің наиб имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы дәстүрлі шараның қонағы болды. Қазақ үй тігіліп, адал дастарқан жайылып, рухани ұлттық ән-жырлар айтылып, дін мен дәстүрге байланысты уағыз-насихаттар айтылып, ұлттық дәстүріміз ұлықталды.
Жиында қонақтарға ұлттық тағамдар, наурыз көжелер ұысынылды. Аудан наиб имамы қазаққа асыл дінімізден сіңген ұлттық дәстүрлерімізге тоқталып, кеңінен баяндап берді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі


14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

