Аудан көлемінде рухани құндылықтарды насихаттау және жастар тәрбиесін күшейту мақсатында дін мен дәстүр бағыты бойынша маңызды кездесу өтті. Басқосуда қоғамдағы ұлттық тәрбие, салауатты өмір салты және жастар арасындағы рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесуге ауданның дін мен дәстүр бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы қатысып, спорт саласымен бірлесе атқарылатын жұмыстар жөнінде пікір алмасып, құрбан айтқа байланысты мешіт ауласында спорттық шараларды жүзеге асыру мәселелерін көтерді.
Кездесуде спорт бөлімінің басшысы Олжас Әділханұлы жастарды жаман әдеттерден сақтауда бұқаралық спорттың рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта бірлескен рухани-танымдық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі сөз болып, барынша қолдау көрсететінін айтты.



26 Мамыр 2026
9 Зуль-хиджа 1447

