Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында Қостөбе ауылындағы мал союға арналған қасапханасының жұмысы зерделенді. Аталған шараға аудандық дін саласына жауапты мамандар қатысып, нысанның дайындық деңгейі пысықталды.
Зерделеу жұмысына ауданның дін мен дәстүр бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы және ішкі саясат бөлімінің маманы Алмас Құлымбетов барып, қасапхананың санитарлық тазалығы, қауіпсіздік талаптары және шариғат шарттарының сақталу барысын бақылап шықты. Сонымен қатар, құрбандық шалу рәсімін ұйымдастыру кезінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жауаптылар қасапшыларға малды шариғатқа сай сою, тазалықты сақтау және қоршаған ортаға зиян келтірмеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Құрбан айт күндері халыққа сапалы қызмет көрсету маңызды екені атап өтілді.



26 Мамыр 2026
9 Зуль-хиджа 1447

