Байзақ: ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ҚАСАПХАНА ҚЫЗМЕТІ ТЕКСЕРІЛДІ

Байзақ: ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ҚАСАПХАНА ҚЫЗМЕТІ ТЕКСЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының іргесінде орналасқан мал союға арналған қасапханаға дін мен дәстүр бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы және ішкі саясат бөлімінің маманы Алмас Құлымбетов барып тексеріп қайтты.

Тексеру барысында қасапхана қызметкерлеріне құрбандық шалу кезінде тазалық пен тәртіпті сақтау, малды қинамай бауыздау және діни рәсімдерді шариғатқа сай орындау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, кезек тәртібін реттеу және қауіпсіздік талаптарын күшейту мәселелері де пысықталды.

Жауаптылар Құрбан айт күндері халыққа сапалы әрі талапқа сай қызмет көрсету басты міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ, құрбандық рәсімін орындау барысында ысырапшылдыққа жол бермей, мұқтаж жандарға теңдікті ұстанып, етті дұрыс бөлшектеп тарату – нағыз мұсылмандықтың белгісі екені айтылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: