Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы, теолог Жайна Бекназарова мектеп оқушылары мен ұстаздарға «адами құндылықтардың маңызы» тақырыбында кеңінен насихат жұмыстары жүргізілді. Мешіт ұстазы мектеп оқушыларының сан сауалдарына жауап берді.

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінің имамы Рахматулла Каримовтың ұйымдастыруымен 5 отбасына қайырымдылық жасалды. Азық-түліктей жасалған бұл игі іске 50 000 теңге қаражат жұмсалды.
Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа мешіт имамы Сапарбеков Ержан «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы аясында кеңінен насихат жұмыстарын жүргізді.
Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітіне бесін намазына келген мешіт жамағатына ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы «дін мен дәстүр сабақтастығы» жайында уағыз айтты.
Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы колледж студенттерімен «Деструктивті діни идеялардың алдын-алу жолдары және Қазақстандық потриатизмді жастардың санасына жеткізудің өзектілігі» тақырыбында семинар өткізді.
Аптаның ардақты күні Жұмада мұқым мұсылмандар Раббысына құлышылық ету үшін Жұма намазына жиналады. Бір-бірімен көрісіп, құшақтасып жатады. Сонымен қатар сауапқа үмітті болып, сүннет амалдарды орындайды.