- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 897
#Жамбыл: Қасиетті Құраннан дәріс өткізілді
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде мешіт ұстазы Жайна Бекназарова қыз-келіншектерге арнап, қасиетті Құраннан дәріс өткізді.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде мешіт ұстазы Жайна Бекназарова қыз-келіншектерге арнап, қасиетті Құраннан дәріс өткізді.
Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің имамы Естеков Сабит бесін намазына мешітке келген жамағатқа «Мұсылманның абыройын қорғау» турасында уағыз айтты.
Жастық шақ – адам баласының ең тартымды әрі ең белсенді кезеңі. Өмірдің шыңы, қайрат-жігерге толы, жалындаған шақ. Тепсе темір үзер күш-қуаты тасып тұрған тәуекелге толы кезең. Бұл жаста адам зерттелмеген жаңа көкжиектерді анықтауға, биік армандарға жетуге тырысады.
Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Ансар Абилов шам намазына келген мешіт жамағатына «адамдық құндылықтар» турасында кеңінен уағыз жүргізді.
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде "Араб тілін оқыту әдістемесі" жайлы оқу орнының барлық студенттерге ашық сабақ өткізілді.
Еліміздегі діни сауаттылықты арттыру мақсатында облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен және облыстық ардагерлер қенесінің ұйымдастыруымен Таразда облыстық ардагерлер орталығында «Деструктивті діни идеяларды алдын алу жолдары және Қазақстандық патриотизмді жастардың санасына жеткізудің өзектілігі» тақырыбында жастарға арналған семинар өтті.