#Шу: Ұстаздың қадірі-қоғамның қадірі

#Шу: Ұстаздың қадірі-қоғамның қадірі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бүгін Жамбыл облысының тумасы, елге белгілі имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы ауданымызда болып, рухани кездесулер ұйымдастырылды. Ауданға келген қонағымызды орталық Төле би мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы күтіп алып, іс-шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болды. Ең әуелі жастармен жүздесуді жөн көрген Нұрлан Байжігітұлы №10 Шу коллдежінің студенттерімен кездесті. Аталған шара «Ұстаздың қадірі» тақырыбында өтті.

Кездесуде шәкірт тәрбиесіндегі ұстаздың атқарар рөлі, елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиесіне жауапты ұсаз хақында айтылды. Сонымен қатар жастардың тарапынан сұрақтар қойылып, өмірлік мысалдармен нақты жауаптар берілді.

Бүгінгі кездесудің ерекшелігі сол Нұрлан Байжігітұлы мен Талғат Кәрібайұлы жастардың түсінігіне шақтап, ұйып тыңдайтындай ұғынықты жеткізді. Кездесу соңында қонақтар студенттердің алдағы оқуына жеміс тілеп, жақсы маман болуыларына тілектестігін білдірді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: