#Шу: Қайырымдылық исламның қайнар көзі

#Шу: Қайырымдылық исламның қайнар көзі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет.

Қайырымыдылық жасау исламның қайнар көзі деп айтсақ та артық болмайды. Қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады. Осынау даналықты бетке алып бүгін Шу ауданы орталық Төле мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен «Берекелі жұма» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында бір қой сойылып, еті 6 отбасына таратылды. Сондай-ақ, 5 отбасына азық-түлік себеттері үлестірілді. Қайырымдылық шарасына жұмсалған қаражат көлемі 270 мың теңгені құрайды. Азық-түліктерді тиісті мекен-жайларға жеткізген Төле би мешітінің азаншысы Жалалиев Ибрагим. Акцияға қатысқан отбасылар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, батасын берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: