Бейіт тұрғызу бір қалыпқа түспек

Бейіт тұрғызу бір қалыпқа түспек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның QAMQOR-SHARAPAT орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы Жамбыл облысы Қордай ауданына  іс-сапармен келді. 

Айта кетейік, өңірде қызыл, қара, көк, т.б тас шығарылады. Арнайы келген маманды осы тастармен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің мешіт істері жөніндегі меңгерушісі Халид Хожахметов жол бастап, істің шеберлері таныстырды.

Мұндағы мақсат QAMQOR-SHARAPAT орталығы республика бойынша бейіттердің тұрғызылуы, тас қоюы, мешітке ұқсамауы, биік қамалға айналдырмауын қатаң түрде қадағалап, бір ізділікке түсірмек ниетте. Барлық бейіттің тасының көлемі біріңғай болып, ысырапқа жол бермеу басты назарға алынып отыр.

Мейрамбек Қабылбекұлы сонымен қатар Масаншы ауылындағы дүнген бауырларымыздың бейіттерін, қарапайым ғана есімін жазып қоятын, әшекейсіз кішкене таспен жерлеу мәдениетін өз көзімен көріп қайтты. 

Аталған жоба ҚМДБ тарапынан қолға алынған үлкен мақсат. Ал осы мақсаттың іске асып, шариғат шеңберін шықпай, ысырапсыз жерлеу рәсімдерін өткізуге әрбіріміз атсалысуымыз керек-ті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: