Кешегі өткен қасиетті жұма күні Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы Шу қаласында орналасқан "Әбу Бәкір әс-Сыдық" мешітінде болып, жұма намазын өткізді.
Ауданымыздың бас имамы мешітке жиналған жамағатқа пара алу мен берудің күнәлары туралы уағыз айтты. Жергілікті тұрғындар бас имаммен сұқбат барысында аймақтағы діни ахуал жайында өз ой пікірлерін айтып, сұрақтарына жауап алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі