#Шу: ЖАН САРАЙЫНА ЖАРЫҚ СЫЙЛАҒАН ЖАНДАР

#Шу: ЖАН САРАЙЫНА ЖАРЫҚ СЫЙЛАҒАН ЖАНДАР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Жамбыл электір жүйелері" ЖШС  Шу электр қуатын тарату жүйелерінің ұжымы  ауданымыздағы көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетті.

Осы игі іске мұрындық болған аталған мекеменің басшысы Бейсебаев Нурман Еренсізұлы мен ұжымы 1 айлық қажетті әлеуметтік азық-түлікті жинақтап, табыстаудан да қапы қалмады. Төле би ауылдық мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы бастаған қызметкерлер де сауапты істің көшін бастап, үйді үйге үлестіруге үлес қосты.

Турасын айтқанда, жарықтан бөлек жан сарайына жарық сыйлайтын осындай мекеменің ұжымына алғыс айта отырып, өз кезегінде ризашылығын білдірген тұрғындар аталмыш іс-шараның жалғаса беруіне тілек білдірді. Қайырлы істің қасынан табыла білген ұжым қызметкерлеріне Төле би мешітінің бас имамы алғыстарын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Осынау игі шараларға әрқашан қолдау көрсетіп, мешіт қызметкерлерінің де атсалысатындығын жеткізді.   

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: