Бүгін Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешіті көмекке мұқтаж 7 отбасыға барып, 75 теңгеге азық-түлік себеттерін таратты. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Ақиқатында, қазақ – табиғатынан қайырымды халық. Себебі халқымыз ырыс-несібенің Алла Тағаланікі екенін түсінген. Әлсіздерге, кедейлерге жәрдемдескен адам өзінің адамгершілігін айғақтайды.
Әлсіздерге болысып, мұқтаж азаматтарға қарайласқан сайын кезінде маңызды көрінген, көңілге маза бермеген мәселелердің түкке тұрғысыз екенін түйсінеді. Осылайша біз мешіттерге түскен қор жұмысының ашықтығын көрсету мақсатында жиналған қаражат пен азық түлік себеттерінің қайда, қалай жұмсалғандығы туралы ақпаратты тұрақты жариялап отыруға тырысамыз.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі