#Т.Рысқұлов: Жастарға ихсан ілімі насихатталды

#Т.Рысқұлов: Жастарға ихсан ілімі насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылдық орта мектебінде ауыл имамының мектеп мұғалімдерінің және мектеп жастарының қатысуымен іс-шара өтті. Бұл кездесу «Ихсан ілімі – рухани білім» атты тақырып төңірегінде болды. Іс-шарада ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы  Қалтай Байқожаев жастарға ихсан ілімін кеңінен түсіндірді.

 Қалтай имам уағызының барысында: "Ихсан – Алланы көріп тұрғандай шынайы құлшылық ету, егер олай ете алмаса, Алла оны көріп тұрғанын сезіне отыра құлшылық жасау. Мұсылман өзін Алланың көріп те, естіп те тұрғанын біледі. Сондықтан Аллаға ұнамайтын нәрселерді тыңдамайды және қарамайды. Егер сен Исламның тірегі болған 5 парызыңа, иманыңның 6 негізіне амал етуді тек қана бір Аллаға ұнау үшін, бір Алла сені үнемі көріп тұрғандай жасамасаң, бәрі де бос әурешілік болып қалады. Алла сенің істеріңнен ғана емес, ойларыңнан, сезімдеріңнен хабардар. Ол ерніңнің қыбырлағанын да, иненің жасуындай-ақ кіп-кішкентай жәндіктің жыбырлағанын да біледі. Алла, тіпті, құмырсқалардың да аяқ сыбдырын естиді, көзге көрінбейтін ең әлсіз тіршілік иелерін де көреді," - деп бастап, рухани ілімнің адам баласына қажет екендігіне тоқтала кетті.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: