Ежелден келе жатқан дәстүрге сай үлкенді сыйлап, кішіге ізет, өткенге құрмет көрсетіп келген халықпыз.
Міне, осыған байланысты Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Меркі ауданының тұрғындары және зират маңына көрші тұрған үй иелеріне "Мұсылман зираты әдебі" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл іс-шараға мешіт ақсақалдары, Жамбыл ауылдық әкімшілік қызметкерлері және жергілікті полиция инспекторы қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Азамат Берікұлы халыққа қабір айналасын таза ұстауға, дүниеден өткендерге құрмет көрсетуге үндеп, зираттарда мал бағуға, жайылсын деп зират қоршауына кіргізуге болмайтынын айтып, мұсылман қабірінің тәртібімен таныстырды.
Жиын соңында халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріліп, дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі