Қасиетті сапардан аман-есен оралған жандарды құрметпен қарсы алу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Осы үрдіс аясында «Жәми» мешітінің әйел-қыздар жамағаты Умраға барып келген қажыларымызды күтіп алып, арнайы дастархан жайды.
Қасиетті сапардан аман-есен оралған жандарды құрметпен қарсы алу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Осы үрдіс аясында «Жәми» мешітінің әйел-қыздар жамағаты Умраға барып келген қажыларымызды күтіп алып, арнайы дастархан жайды.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Шу аудандық «Жәми» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев ауылдағы сотқа дейінгі татуластыру орталығына арнайы барып, ақсақалдар алқасын Рамазан айымен құттықтады.
Шу ауданындағы орталық «Жәми» мешітінде бас имам Алмас Кенжемолдаев тарауих намазының алдында жамағатқа қасиетті Рамазан айының маңызы туралы тағылымды уағыз жүргізді. Уағыз барысында оразаның рухани-тәрбиелік мәні, сабыр мен шүкіршілікке баулудағы орны кеңінен түсіндірілді.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы аумағындағы «Қордай» мешітінде аудан ұстаздары мен шәкірттерінің қатысуымен «Мәйітті жуу мен кебіндеу» тақырыбында кезекті семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру және кебіндеу тәртібі практикалық түрде көрсетіліп, жамағатқа жан-жақты түсіндірілді.
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін ауылының имамы Ерметов Қайраттың ұйымдастыруымен аудандық Құран жарысы 30-шы параны жатқа оқудан өтті. Жорақұлұлы Ахаттың қайтыс болуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарысқа аудан имамы Қуаныш Досымжаұлы арнайы шақыртылды.
Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешіт жамағатына "Уақыт қадірі" тақырыбында уағыз- насихат айтты. Шариғатта уақыт – Алланың үлкен нығметі, қайтарылмайтын аманаты және қылыш секілді өткір құндылық.