#Мойынқұм: «Бірлік» мешітінде уақып тақырыбында уағыз өтті

#Мойынқұм: «Бірлік» мешітінде уақып тақырыбында уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бірлік» мешітінде жамағатқа арналған тағылымды уағыз ұйымдастырылды. Мешіт имамы Смайлов Серік жамағатқа «Уақып – сауапы үзілмейтін игі іс» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында ислам дініндегі уақыптың маңызы, оның қоғамға тигізер пайдасы және қайырымдылық жасаудың сауабы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жамағатқа уақыптың мешіттердің, діни-ағарту және әлеуметтік жобалардың дамуына қосатын үлесі туралы айтылып, ізгі амалдарға атсалысуға шақырылды.

Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, уағыздан рухани әсер мен пайдалы мәліметтер жинады.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: