Аудандық Қаратау қажы би мешітінде жамағатқа арналған танымдық уағыз ұйымдастырылды. Уағызды мешіттің наиб имамы Асқарбек Серікұлы жүргізді.
Кездесу барысында наиб имам қоғамдағы жат діни ағымдардың зияны туралы кеңінен түсіндіріп, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, салафи-уахабилік бағыттағы діни ағымдардың ерекшеліктері мен олардың қоғам бірлігіне, ұлттық салт-дәстүрге тигізетін кері әсерлері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, жастарды күмәнді діни ақпараттардан сақ болуға, діни мәселелерде сенімді дереккөздер мен ресми дін өкілдерінің кеңесіне жүгінуге шақырды. Уағыз барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Аудандық Қаратау қажы би мешітінің баспасөз қызметі


24 Маусым 2026
8 Мухаррам 1448

