Қордай: Ақиқа дастарханы жайылды

Қордай: Ақиқа дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақиқа – араб тілінде «туылған нәрестенің шашы» дегенді білдіреді. Ал, шариғаттағы мағынасы: «Ол – сәбидің дүниеге келуіне орай Алла Тағалаға шүкіршілік ретінде сойылатын құрбандық».

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің асханасында жамағатқа арнап Зейне Жұмабайұлы ақиқа дастарханын жайды. Дастархан басында жамағат жиналып, Құран аяттары оқылып, елдің амандығы мен береке-бірлігі үшін дұғалар жасалды.

Ауданның Бас имамы Азамат Берікұлы ақиқа құрбандығының маңызы мен сауабы жайында насихат айтып, ақ тілегін білдірді. Алла Тағала берілген ақиқа құрбандығын қабыл етіп, дастархан иесіне және отбасына амандық, береке мен мол ризық нәсіп етсін.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: