Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі, ұстаз Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен аудан ұстаздары және Түркістан облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Еңлік Мұратқызы мен Жамбыл облысы әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Полатбекқызы Қордай аудандық мұражайына зиярат жасады.
Зиярат барысында қатысушылар аудан тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысып, өлкенің мәдени мұрасы мен тарихи құндылықтары жайлы мағлұмат алды.
Тағылымды шара рухани байланысты нығайтып, тарихи сананы жаңғыртуға өз үлесін қосты. Алла Тағала игі бастамаларға береке беріп, ел бірлігі мен рухани дамуына қызмет етіп жүрген барша жанға сауаптан жазғай.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі.



25 Маусым 2026
9 Мухаррам 1448

