«Бірлік» мешітінде жамағатқа «Дін мен дәстүр» бағыты аясында тағылымды уағыз-насихат жүргізілді.
Мешіт имамы Серік Смайлов жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітаптарының мазмұны мен маңызы туралы кеңінен түсіндіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының үндестігіне тоқталды. Уағыз барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, дәстүрді құрметтеу және дінді дұрыс түсінудің қоғамдағы орны жайында насихат айтылды.
Сондай-ақ жамағатқа аталған кітаптарды оқып, ондағы пайдалы мәліметтерді күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

