Қордай ауданы «Қордай» мешітінде «Отбасы күні» атты жиын өткізілді. 2013- жылдан бері қыркүйек айының екінші жексенбісін «Отбасы күні» деп жарияланып, тойланып келеді. Отбасы шағын мемлекет. Отбасыда жақсылық көбейсе, мейірім махаббат артса, қоғамда да ізгілік арта түседі. Мемлекет жағдайыда мерейі асып, мәртебесі көтеріледі.
Осы тақырып аясында ауданымыздың бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев ерлі-зайыптылардың басын қосып, отбасы құндылықтарын сөзге тиек етіп, уағыз насихат жүргізді. Жиы соныңда келген жас отбасыларға ыстық лебіз білдіріліп, мереке құрметіне орай арнайы сыйлықтар берілді.
Аудандық Қордай мешітінің баспасөз қызметі