"Ана болудың діндегі орны" атты семинар жасалды

"Ана болудың діндегі орны" атты семинар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әйелдер жамағатына арналған "Ана болудың діндегі орны" атты семинар өтті. Іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева бастаған әйелдер қауымы, шәкірттер қатысты.

Аталған мешіттің наиб имамы Нұралы Бақытұлы семинар барысында қыз-келіншектерге денсаулық турасында мардымды насихат айтты. Әсіресе дүниеге бала алып келіп, үйдің тіршілігінен қолдары босамайтын нәзік жандыларға Алланың аманат деп берген денсаулығына мән беріп, күтінулерін үгіттеді. 

Исламдағы әйелдің орны, мәртебесі жайлы да тілге тиек етіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. 

Ақерке Бекқұлова

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: