Игі ана - ізгі қоғам негізі

Игі ана - ізгі қоғам негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемнің мәні – әйелде», - деп Жүрсін Ерман ағамыз айтқандай,  қай заманда да, қай халықта болмасын әйел адамның орны ерекше. Қазақ халқында әйел адамға өмірдің әні мен сәні, үйіміздің жылуы, ер адамдардың ақылшысы, балаларымыздың тәрбиешісі деп қараған. "Қызыңды тәрбиелегенің ұлтты тәрбиелегенің" деген даналықты да бабаларымыз тауып айтқан.

Әйел адамның орны, қыз баласының тәрбиесі жайлы маңызды мәселені көтеріп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева қыз-келіншектер жамағатына насихат айтты. 

"Игі ана - ізгі қоғам негізі" тақырыбында өткен кездесуге блогер әйелдер, зиялы қауым аналары келіп қатысты. Ұстаз өз сөзінде: "Қазақ қоғамында да, асыл дінімізде де қыз баласын сыйлаған, құрмет көрсетіп, бәрінен биік қойған. Мысалы, қыз баланы үйінде қонақ деп төрге отырғызған, қызға қырық үйден тыю болған, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у) балаға Алла тағаланың берген сыйы деп қарап, ұлды артық көріп, қызды кемсітуге жол бермеген. Өйткені, қыз баланың жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, ол ертеңгі біреудің қимас серігі, оң босағадағы қонақ деп түсіндірген. Сондай-ақ, көшпелі шаруашылықта киіз үйді тіккенде шаңырағын ер адамдар көтерсе, керегесін керетін, уығын шаншитын әйел адамдар болған. Әйелдердің осындай артықшылықтарын көрген ерлер түрлі заңдар арқылы оларды қорғап отырған. Сондай-ақ, ақын-жазушыларымыз да әйел затын тілдеріне тиек етіп, ән, жыр, өлең, әңгімелерін арнаған. Мәселен: Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы» атты повесінде әйел затын танылмаған планетаға теңеп, дүниежүзінің ғалымдары бірігіп әлемнің құпияларын ашса да, ешқандай ғылымның, данышпанның  әйел жанының құпиясын аша алмайтындығын айтқан," - деп атап өтті. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: