”Ана болудың діндегі орны” тақырыбында әйел кісілердің денсаулығына қатысты "Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағатына арналған семинар өтті.
Шарада PhD доктор Зейнеп Үсенова ана болудың діндегі орны, әйелдің исламдағы маңыздылығы, қыз баласының тәрбиесі турасында мардымды насихат айтты.
Көпшілік ұйып тыңдап, көкейкесті сауалдарын қойды. Қыз баласын тәрбиелегені үшін берілетін сауап, әйел адамның мәртебесі, ары-намысы, денсаулығына аманат деп қарауы үгіттелді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі